📌«Менің елім - менің Қазақстаным!» атты кітап көрмесі 🇰🇿
Көрменің мақсаты – оқырмандарды Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихымен, жетістіктерімен, салт-дәстүрімен және бай мәдениетімен таныстыру.
Көрмеге ұсынылған кітаптар мен құжаттар арқылы халқымыздың жүріп өткен жолы, елге деген мақтаныш пен туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі көрініс табады.
📖 Бұл көрме жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.




